Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы
Қазақстан Республикасының 2001 ж. 13 маусымдағы № 211-ІІ Заңы
(2026.17.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
2-бап. Қазақстан Республикасының туристiк қызмет туралы заңдары
3-бап. Туристiк қызмет субъектілері мен туризм объектілері
6-бап. Қазақстан Республикасындағы туризмді сыныптау
7-бап. Туристiк индустриядағы көрсетiлетiн қызметтер экспорты мен импорты
7-1-бап. Шетелдіктер үшін туристік жарна
2-тарау. ТУРИСТIК ҚЫЗМЕТТI МЕМЛЕКЕТТIК РЕТТЕУ
8-бап. Осы Заңның негізгі қағидаттары
9-бап. Осы Заңның негізгі мақсаттары мен міндеттері
10-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыретi
11-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi
13-бап. Туризм жөнiндегi кеңес
14-бап. Туристiк ақпарат орталығы
14-1-бап. Басым туристік аумақтар
14-2-бап. Инвестицияларды мемлекеттiк қолдау
3-тарау. ТУРИСТIК ҚЫЗМЕТТI ҰЙЫМДАСТЫРУ
15-бап. Туристік қызметті жүзеге асырудың жалпы шарттары
15-1-бап. Туристерді орналастыру орындарының сыныптамасы
15-2-бап. Туристік өнімді қалыптастыру
15-3-бап. Туризм саласындағы хабарламалар
16-бап. Туристік қызмет аясындағы стандарттау
17-бап. Туристiк қызмет көрсету шарты
18-бап. Залалдар мен моральдық зиянды өтеу, туристiк қызмет көрсету шартын өзгерту жағдайлары
20-бап. Туристiк индустрия ұйымдарының бiрлестiктерi
21-бап. Туристердiң бiрлестiктерi
22-бап. Туристiк қызмет саласындағы мамандарды кәсiптiк даярлау
23-бап. Гид, туризм нұсқаушысы, экскурсия жүргізуші
4-тарау. ТУРИСТIҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МIНДЕТТЕРI, ТУРИСТIҢ ҚАУIПСIЗДIГIН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
26-бап. Туристердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету
27-бап. Туристiк қызметтi жүзеге асыру кезiндегi сақтандыру
27-4-бап. Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарын қорғау тетігі
28-бап. Туристiк қызмет туралы заңдарды бұзғаны үшiн жауапкершiлiк
2008.05.07. № 59-IV ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «туристік ұйымдарының», «туристік ұйымдарды», «туристік ұйымдардың», «Туристік ұйымдардың», «туристік ұйымға», «Туристік ұйым», «туристік ұйым», «Туристік ұйымдар», «туристік ұйымдар», «туристік ұйымдары» деген сөздер тиісінше «туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларының», «туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды», «туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың», «Туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың», «туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғаға», «Туристік қызметті жүзеге асыратын тұлға», «туристік қызметті жүзеге асыратын тұлға», «Туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар», «туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар», «туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалары» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред. қара); 2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «(гид-аудармашы)», «(гид-аудармашылардың)», «(гид-аудармашылар)», «(аудармашы гидті)», «(аудармашы гидтердің)», «(гид-аудармашымен)» деген сөздер алып тасталды (2021 ж. 4 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.16.03. № 270-VIII ҚР Заңымен бүкіл мəтін бойынша «экскурсоводтар», «экскурсовод», «экскурсоводтардың», «экскурсоводтың», «экскурсоводпен» деген сөздер тиісінше «экскурсия жүргізушілер», «экскурсия жүргізуші», «экскурсия жүргізушілердің», «экскурсия жүргізушінің», «экскурсия жүргізушімен» деген сөздермен ауыстырылды (2026 ж. 17 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Осы Заң Қазақстан Республикасы экономикасы салаларының бiрi ретiнде туристiк қызметтiң құқықтық, экономикалық, әлеуметтiк, ұйымдық негiздерiн белгiлейдi.
2008.05.07. № 59-IV ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бап өзгертілді
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) 2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
1-1) 2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен (2021 ж. 4 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.16.03. № 270-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 17 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2) тармақша жаңа редакцияда
2) гид - Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын, туристерге ақпараттық жəне (немесе) ұйымдастырушылық қызметтер көрсету үшін кəсіптік даярланған жеке тұлға;
2-1) - 3) 2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен 3-1) тармақша жаңа редакцияда (2021 ж. 4 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3-1) келу туризмі саласындағы туристік операторлық қызмет - қызметтің осы түріне лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғалардың туристік өнімді қалыптастыру, оны Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұрмайтын туристерге, оның ішінде туристік агенттер арқылы ұсыну және өткізу жөніндегі кәсіпкерлік қызметі;
2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен 3-2) тармақшамен толықтырылды
3-2) сақтандыру сертификаты - сақтандырылушыға қатысты қолданыстағы сақтандыру арқылы қорғаудың бар екенін куәландыратын және сақтандыруға қабылданатын сақтандыру тәуекелдері бойынша сақтандыру өтемінің талаптары туралы ақпаратты қамтитын, жасалған сақтандыру шартын (сақтандыру полисін) растау үшін сақтандырушы ресімдеген құжат;
4) тур - белгіленген мерзімдер шеңберінде белгілі бір маршрут бойынша жасалатын саяхатты қамтитын туристік қызмет көрсетулер кешені;
2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5) туризм - туристің тұрақты тұрғылықты жерін ауыстыруға байланысты емес саяхатта уақытша болуы;
2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды
5-1) туризм инфрақұрылымы - туризм саласының жұмыс істеуіне және туристің қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған ұйымдар жиынтығы, өндірістік, әлеуметтік және рекреациялық мақсаттағы құрылысжайлар мен желілер кешені;
2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (2021 ж. 4 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.16.03. № 270-VIII ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (2026 ж. 17 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) туризм нұсқаушысы - тиісті біліктілігі және туристік маршруттармен жүріп өту тәжірибесі бар, Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын кәсіптік даярланған жеке тұлға;
7) турист - уақытша болатын елге (жерге) жиырма төрт сағаттан бір жылға дейінгі кезеңге келетін және ақылы қызметпен айналыспай, сол елде (жерде) сауықтыру, танымдық, кәсіби-іскерлік, спорттық, діни және өзге де мақсаттарда кемінде бір рет түнейтін жеке тұлға;
7-1) 2026.16.03. № 270-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2026 ж. 17 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2026.16.03. № 270-VIII ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (2026 ж. 17 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8) туристерді орналастыру орындары - мейманханалар, мотельдер, кемпингтер, туристік базалар, қонақжайлар, демалыс үйлері, пансионаттар және туристердің уақытша тұруы мен оларға қызмет көрсету үшін пайдаланылатын басқа да үй-жайлар мен ғимараттар болып табылатын туризм объектілері;
2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен 8-1) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 4 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
8-1) туристік агент (бұдан әрі - турагент) - турагенттік қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (2021 ж. 4 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9) туристік агенттік қызмет (бұдан әрі - турагенттік қызмет) - жеке немесе заңды тұлғалардың қосымша көрсетілетін қызметтерді қосу құқығынсыз туристік өнімді өткізуге арналған агенттік шарт негізінде Қазақстан Республикасының туристік операторы қалыптастырған туристік өнімді ұсыну және өткізу жөніндегі кәсіпкерлік қызметі, сондай-ақ туристерге туристік өнім болып табылмайтын қызметтер көрсету жөніндегі қызмет;
10) туристік ваучер - турдың құрамына кіретін қызметтерге туристің құқығын және олардың ақысы төленгенінің фактісін растайтын құжат;
11) 2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен 11-1) тармақшамен толықтырылды
11-1) туристік код - шығу туризмі саласындағы туроператор туриске беретін, ұйымдастырылған шығу туризмі шеңберінде туроператордың міндеттемелеріне кепілдік беретін бірегей нөмір;
12) туристік қызмет - жеке немесе заңды тұлғалардың туристік қызмет көрсету жөніндегі кәсіпкерлік қызметі;
2025.03.03. № 166-VIII ҚР Заңымен 13) тармақша өзгертілді (2025 ж. 15 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
13) туристік көрсетілетін қызметтер - туристің саяхаты кезеңінде және осы саяхатқа байланысты ұсынылатын, оның қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қажетті көрсетілетін қызметтер (орналастыру, тасымалдау, тамақтандыру, экскурсиялар, туризм нұсқаушыларының, гидтердің көрсететін қызметтері) және туристік қызмет көрсету шартында көзделген, сапар мақсатына қарай көрсетілетін басқа да қызметтер, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдар мен халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарын (инклюзивті туризмді) қоса алғанда, барлық туристер үшін туризм инфрақұрылымына тең (кедергісіз) қолжетімділікті қамтамасыз етуге бағытталған көрсетілетін қызметтер;
14) туристік қызмет көрсетуге арналған шарт - өтемді туристік қызмет көрсету бойынша туристік қызметті жүзеге асыратын тұлға мен туристің арасындағы келісім;
15) туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар - турагенттер, туроператорлар, туризм нұсқаушылары, сондай-ақ өз бетінше туристік қызмет көрсететін гидтер, экскурсия жүргізушілер;
16) 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен 17) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2026.16.03. № 270-VIII ҚР Заңымен 17) тармақша өзгертілді (2026 ж. 17 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
17) туристік маршрут - туристің қажеттіліктерін қанағаттандыруы үшін жүру жолы, оны туристік оператор әзірлейді және ол туристік ресурстарға, оның ішінде туризм объектілеріне баруы егжей-тегжейлі регламенттелген (пайдаланылатын көлік, тоқтайтын орындар, бару объектілері, түнейтін жерлер, шұғыл жағдайлардағы медициналық көмек және басқа да жағдайлар) осындай баруды қамтиды;
18) туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімі - туристік маршруттар мен соқпақтарды есепке алу құжаты;
2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен 19) тармақша жаңа редакцияда (2021 ж. 4 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
19) туристiк операторлық қызмет (бұдан әрі - туроператорлық қызмет) - қызметтiң осы түрiне лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғалардың шығу туризмі саласындағы туристiк өнiмдi қалыптастыру, турагенттер арқылы ұсыну және өткiзу және келу туризмі мен ішкі туризм саласындағы туристік өнімді қалыптастыру, туристерге, оның ішінде турагенттер арқылы ұсыну және өткiзу жөнiндегi кәсiпкерлiк қызметi;
2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен 19-1) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 4 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
19-1) туристік оператор (бұдан әрі - туроператор) - туристік операторлық қызметті, ішкі туризм, келу немесе шығу туризмі саласындағы туристік операторлық қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен 20) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
20) туристік өнім - саяхат кезінде туристің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жеткілікті барлық қажетті туристік көрсетілетін қызметтер кешені;
21) туристік өнімді ұсыну - туристік қызмет көрсетуге бағытталған шаралар (жарнама, мамандандырылған көрмелер мен жәрмеңкелерге қатысу, туристік өнімді өткізу жөніндегі туристік ақпарат орталықтарын ұйымдастыру, каталогтар, буклеттер шығару және тарату) кешені;
2026.16.03. № 270-VIII ҚР Заңымен 22) тармақша жаңа редакцияда (2026 ж. 17 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
22) туристік ресурстар - шаруашылық айналымына тартылу дəрежесіне қарамастан, туристік қызметті жүзеге асыру жəне туристік көрсетілетін қызметтерді қалыптастыру үшін əлеуетті негіз болып табылатын табиғи жағдайлардың, тарихи-мəдени мұра объектілерінің, əлеуметтік-экономикалық, рекреациялық жəне өзге де факторлардың жиынтығы;
23) туристік нарық - туристік қызмет саласындағы тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) мен ақша айналысы;
24) туристік сала - негізгі қызмет саласы туристік қызмет көрсету, туристік өнім жасау, оларды ішкі және халықаралық нарықтарда ұсыну мен өткізу болып табылатын экономика саласы;
25) туристің төтенше жағдайға ұшырауы - туристің саяхаттан оралмауы, сондай-ақ туристің қаза болуына немесе оның денсаулығына зиян келтіруге әкеп соққан немесе әкеп соғуы мүмкін авария, зілзала немесе апат нәтижесінде туындаған, саяхат кезінде белгілі бір аумақта болған оқиға;
2015.17.11. № 407-V ҚР Заңымен 25-1) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi); 2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 25-1) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
25-1) туроператор-әуе кемесімен жалданушы - Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жолаушыларды және багажды тасымалдау үшін бір немесе бірнеше рейстерге бір әуе кемесінің (немесе бірнеше әуе кемелерінің) бүкіл сыйымдылығын немесе сыйымдылығының бір бөлігін экипажымен қоса оның пайдалануына беру туралы әуемен тасымалдаушымен (әуе кемесін жалдаушымен) әуе кемесін жалдау (чартер) шартын жасасқан туроператор;
26) уәкілетті орган - туристік қызмет саласындағы мемлекеттік басқару функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен 26-1) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 4 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
26-1) шығу туризмі саласындағы туроператорлық қызмет - қызметтің осы түріне лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғалардың туристік өнімді қалыптастыру, оны турагенттер арқылы туристерге ұсыну және өткізу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бейрезиденті қалыптастырған туристік өнімді турагенттер арқылы туристерге ұсыну және өткізу жөніндегі кәсіпкерлік қызметі;
2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен 26-2) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 4 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
26-2) ішкі туризм саласындағы туроператорлық қызмет - қызметтің осы түріне лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғалардың туристік өнімді қалыптастыру, оны Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын туристерге, оның ішінде турагенттер арқылы ұсыну және өткізу жөніндегі кәсіпкерлік қызметі;
27) экскурсант - уақытша болатын елдегі (жердегі) туристік ресурстарды танымдық мақсатта жиырма төрт сағаттан аспайтын уақытқа барып көретін жеке тұлға;
28) экскурсия - жеке тұлғаның уақытша болатын елдегі (жердегі) туристік ресурстарды танымдық мақсатта жиырма төрт сағаттан аспайтын уақытқа барып, көруі;
29) экскурсиялық қызмет - уақытша болатын елдегі (жердегі) туристік ресурстарға танымдық мақсатта келуді ұйымдастыру жөніндегі кәсіпкерлік қызмет, ол туристерді орналастыру (түнету) жөніндегі қызметті көздемейді және жиырма төрт сағаттан аспайтын мерзімді қамтиды;
2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен (2021 ж. 4 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.16.03. № 270-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 17 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 30) тармақша жаңа редакцияда
30) экскурсия жүргізуші - Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын, туристерге уақытша болатын елдегі (жердегі) туристік көрікті жерлермен таныстыру жөнінде экскурсия жүргізу үшін кəсіптік даярланған жеке тұлға.
2-бап. Қазақстан Республикасының туристiк қызмет туралы заңдары
1. Қазақстан Республикасының туристiк қызмет туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнен, осы Заңнан, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта Қазақстан Республикасының туристiк қызмет туралы заңдарындағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шартта оның қолданылуы үшiн заң шығарылуы талап етiлетiн жағдайларды қоспағанда, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
2026.16.03. № 270-VIII ҚР Заңымен 3-баптың тақырыбы өзгертілді (2026 ж. 17 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3-бап. Туристiк қызмет субъектілері мен туризм объектілері
2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Туристік қызмет субъектілеріне мыналар жатады:
1) туроператорлар;
2) турагенттер;
3) тармақша 2021 ж. 4 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
2026.16.03. № 270-VIII ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2026 ж. 17 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) гидтер, экскурсия жүргізушілер, туризм нұсқаушылары;
4) туристік қызмет саласындағы қоғамдық бірлестіктер;
5) ішкі туризм мен келу туризмін дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі құрған ұйым;
6) тармақша 2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
6) шетелдіктер үшін туристік жарна операторлары.
2026.16.03. № 270-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 17 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Туризм объектілері - туристер уақытша тұру, орын ауыстыру, демалу, сауығу жəне мəдени демалыс үшін тікелей пайдаланатын арнайы құрылған немесе бейімделген объектілер.
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 4-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
4-бап. Туристiк индустрия
1. Туристiк индустрия - туристерді орналастыру құралдарының, көлiктiң, қоғамдық тамақтандыру объектiлерiнiң, ойын-сауық объектiлерi мен құралдарының, танымдық, сауықтыру, iскерлiк, спорттық және өзге де мақсаттағы объектiлердiң, туристiк қызметтi жүзеге асыратын ұйымдардың, сондай-ақ экскурсиялық қызмет және гидтер қызметiн көрсететiн ұйымдардың жиынтығы.
2. Туристiк индустриядағы қызмет көрсету түрлерi:
1) турлар ұсыну жөніндегі қызмет көрсету;
2026.16.03. № 270-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2026 ж. 17 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) уақытша тұратын орындар беру жөніндегі қызмет көрсету;
3) тамақтандыру жөніндегі қызмет көрсету;
4) ақпараттық, жарнамалық қызмет көрсету;
5) көлiк қызметiн көрсету;
5-1) көліктің барлық түрлеріне билеттерді және іс-шараларға баруға билеттерді беру бойынша (броньға қоюды, сатуды және жеткізуді қоса алғанда) көрсетілетін қызметтер;
2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6) көрсетілетін ойын-сауық қызметтері;
7) туристік қызмет көрсету шартында көзделген өзге де туристiк көрсетілетін қызметтер.
2026.16.03. № 270-VIII ҚР Заңымен 4-1-баппен толықтырылды (2026 ж. 17 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)
4-1-бап. Танытым орталығы
1. Танытым орталығы - туристік əлеует туралы ақпарат таратуға жəне туристік көрсетілетін қызметтер ұсынуға арналған ғимарат, құрылысжай не үй-жай болып табылатын туризм объектісі.
2. Танытым орталығын салуды, реконструкциялауды, жарақтандыруды, күтіп-ұстауды жəне пайдалануды кəсіпкерлік субъектісі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен жүзеге асырады.
3. Танытым орталығы Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес туристік ресурстар аумағында, туристік маршруттарда жəне өзге де туризм объектілерінде орналасады.
4. Танытым орталығы қызметінің тəртібі мен шарттарын, сондай-ақ оның қызметіне қойылатын талаптарды уəкілетті орган бекітеді.
5-бап. Туристiк ресурстар
Қазақстан Республикасының туристiк ресурстарын сыныптау мен бағалау, олардың қорғалу режимi, қоршаған ортаға түсетiн ауыртпалықтың жол берілетiн шегiн ескере отырып пайдалану және Қазақстан Республикасының туристiк ресурстары тұтастығының сақталу тәртібі, оларды қалпына келтiру жөніндегі шаралар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен айқындалады.
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 6-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен 6-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6-бап. Қазақстан Республикасындағы туризмді сыныптау
1. Қазақстан Республикасында туризм:
3) субъектілік қағидат бойынша;
4) объектілік қағидат бойынша сыныпталады.
2. Туризм түрлері халықаралық және ішкі туризмді қамтиды.
3. Халықаралық туризм мыналарды қамтиды:
1) Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұрмайтын адамдардың оның шегiндегi саяхаттары деп түсінілетін келу туризмi;
2) Қазақстан Республикасының азаматтары мен Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын адамдардың басқа елге саяхаттары деп түсінілетін шығу туризмi.
4. Қазақстан Республикасының азаматтары мен оның аумағында тұрақты тұратын адамдардың Қазақстан Республикасының шегiндегi саяхаттары ішкі туризм болып табылады.
2026.16.03. № 270-VIII ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2026 ж. 17 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Салалық қағидат бойынша туристік қызметтерді көрсетуге және туристік өнімге енгізілген нақты саладағы объектілермен және қызметпен танысуға деген туристік қажеттіліктерді қанағаттандыруға байланысты туризм бағыттары ажыратылады.
6. Субъектілік қағидат бойынша туристердің өздерінің мәртебесіне (жасына, кәсібіне және басқаларына) байланысты туризм бағыттары ажыратылады.
2026.16.03. № 270-VIII ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (2026 ж. 17 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7. Объектілік қағидат бойынша туристердің туристік өнімге енгізілген нақты объектілерге және (немесе) оқиғаларға баруына байланысты туризм бағыттары ажыратылады.
7-бап. Туристiк индустриядағы көрсетiлетiн қызметтер экспорты мен импорты
1. Қазақстан Республикасының аумағына келу туризмiн ұйымдастырумен байланысты туристiк қызмет көрсету туристiк қызмет көрсету экспорты болып табылады.
2. Басқа елге шығуға байланысты туристiк қызмет көрсету туристiк қызмет көрсету импорты болып табылады.
2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен 7-1-баппен толықтырылды (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
7-1-бап. Шетелдіктер үшін туристік жарна
1. Қалалар мен аудандардағы хостелдерді, қонақ жайларды, жалға берілетін тұрғын үйлерді қоспағанда, туристерді орналастыру орындарында болатын әрбір тәулік үшін туристерден алынатын төлем шетелдіктер үшін туристік жарна болып табылады.
2. Осы баптың 1-тармағында көзделген туристерді орналастыру орындарын қоспағанда, туристерді орналастыру орындарын беретін тұлғалар шетелдіктер үшін туристік жарна операторлары деп танылады.
Шетелдіктер үшін туристік жарна операторлары шетелдіктер үшін туристік жарнаны алуды және жергілікті бюджетке аударуды жүзеге асыруға міндетті.
2-тарау. Туристік қызметті мемлекеттік реттеу
2025.15.04. № 183-VIII ҚР Заңымен 8-бап жаңа редакцияда (2025 ж. 16 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8-бап. Осы Заңның негізгі қағидаттары
Осы Заңның негізгі қағидаттары мыналар болып табылады:
1) туристік қызметке жəрдемдесу жəне оны дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау;
2) туристік қызметтің басым бағыттарын қолдау;
3) Қазақстан Республикасы туралы туризм үшін қолайлы ел деген түсінікті қалыптастыру;
4) туристер мен туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың жəне олардың бірлестіктерінің қауіпсіздігі, құқықтарын қорғау, сондай-ақ олардың заңды мүдделері мен мүлкін қорғау.
2025.15.04. № 183-VIII ҚР Заңымен 9-бап жаңа редакцияда (2025 ж. 16 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9-бап. Осы Заңның негізгі мақсаттары мен міндеттері
1. Осы Заңның негізгі мақсаттары мыналар болып табылады:
1) азаматтардың туристік қызмет саласында демалу, еркін жүріп-тұру құқықтарын қамтамасыз ету;
3) туристерге тəрбие, білім беруге жəне оларды сауықтыруға бағытталған қызмет үшін жағдайлар жасау;
4) саяхат жасау кезінде азаматтардың қажеттіліктерін қамтамасыз ететін, оның ішінде мүгедектігі бар адамдарды жəне халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарын (инклюзивті туризмді) қоса алғанда, барлық туристер үшін туризм инфрақұрылымына тең (кедергісіз) қолжетімділікті қамтамасыз етуге бағытталған туристік индустрияны дамыту;